Еліміздің болашағы мен азаматардың ертеңі үшін шешімдер қабылданатын саяси науқанға аудан тұрғындарының қатысу белсенділігі жақсы.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғындары таңғы 07:00-ден бастап аудан аумағында орналасқан референдум учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Темірлан е/м №456 референдум учаскесіне бірінші болып Әлиевтер (жас) отбасы, Мырзамсиевтер, Әділбековтер әулеті мен ауданымыздың ардагер ақсақалы Лесбек Жүсіп жұбайымен бірлікте барып, саяси науқанда өз таңдауын жасады.
Референдумға қатысқан жас жұбайлардың айтуынша әрбір аудан азаматы бұл тарихи оқиғадан қалыс қаламуы керек. Еліміздің дамып, гүлденуін ойлайтын әрбір азаматтың санасында саяси белсенділік басым болуы тиіс дейді.
Ауданда қазіргі таңда жалпы саны 49 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Еліміздің болашағы мен азаматардың ертеңі үшін шешімдер қабылданатын саяси науқанға аудан тұрғындарының қатысу белсенділігі жақсы.