ТҮРКІСТАН: Облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмысын жалғастырып жатыр

0
447

Түркістан темір жол станциясының ұжымымен жүздесті.


ТҮРКІСТАН: Облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмысын жалғастырып жатыр

Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев Түркістан темір жол станциясының ұжымымен жүздесті.


Спикерлер 5-маусымда өтетін республикалық референдумда қаралатын мәселе - Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Яғни, Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.


Қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.


Шойын жол қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.