Реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының іс-сапары Түркістанда жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы төрағасының іс-сапары Түркістанда жалғасты.
Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев Республикалық референдумды өткізу барысында сайлау учаскелеріндегі атқарылатын жұмыстар жайлы айтумен қатар, олардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп берді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытуға шақырды.