ТҮРКІСТАН: Теміржолшылар референдумға қолдау көрсетті

0
661

Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.


ТҮРКІСТАН: Теміржолшылар референдумға қолдау көрсетті

Түркістандық теміржолшылар референдумды қолдайтындықтарын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.


Осы орайда, Арыс-1 вокзал қызметкерлері референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарынжүргізді. Жиын барысында теміржолшыларға референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екендігін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын жеткізді.


Кездесуде қатысушыларды елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.


Өз кезегінде теміржолшылар да Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумды қолдайтындарын айтты.