Колготка таңдай аласыз ба?

0
2 763

Күз мезгілінде әйел гардеробындағы маңызды элементтердің бірі – колготка. Оны таңдаған кезде неге көп назар аударасыз?


Колготка таңдай аласыз ба?

Колготка таңдау – образыңызды аша түсетін маңызды аспектінің бірі. Дұрыс таңдалған колготка жылытып қана қоймай, аяғыңыздың сымбатын арттырып талғамыңыздың жоғары екендігінен де хабар береді. Ал дұрыс таңдалмаған шұлық барлығын «құртады».

Заманауи нарықта әйелдерге арналған шұлықтың түрлері өте көп. Сондықтан оны таңдауда қиындыққа көп түсеміз. Бүгін біз сіздерге осы мәселеде көмек бергіміз келеді. Оны таңдаған кезде жыл мезгіліне, қайда киетініңізге, аяқ киіміңіз бен киіміңіздің түсіне дейін назарға алу маңызды.

Колготкалар тығыздығына қарай 5 пен 200 ДEN аралығында бөлінеді.

(5–10 DEN) - ең жұқа колготкалар. Мұндай түрін мерекелік кештер мен маңызды кездесулерге ғана кию ұсынылады. Көйлек пен белдемше киген ыстық күндері де кие беруге болады. Бірақ күнделікті киюге ыңғайлы емес.

(10–15 DEN) – жылы күндері киюге арналған жұқа колготка. Бір қарағанда жоғарыдағы колготкалардан айырмасы байқалмайды. Бірақ бұларды күнделікті кие беруге болады.

(20–40 DEN) – орташа тығыздықтағы колготкалар. Мұны жаздың жаңбырлы күндері, күз бен көктем мезгілдерінде киюге болады. Дәл осы санаттағы шұлықтардың дүкеннен кез келген түстісін табуға болады. Өйткені сұраныстағы колготкалар, бұларды жұмысқа, түрлі кездесулерге киіп бара беруге болады.

(50–200 DEN) – суық күнге арналған қалың колготкалар. Олар өте шыдамды болғандықтан бір маусым киюге де болады. Қыстың күндері осы санаттағы шұлықтардың мақта мен жүннен жасалғанын таңдаңыз.


Колгатканың түсі мен өрнектерін таңдау үшін барынша мұқият болған дұрыс. Өйткені ол образдағы маңызды аксессуар.

Классикалық түстер:

Дене түстес шұлықтар. Кеңседе жұмыс істейтін қыз-келіншектер үшін дене түстес колготкалар жақсы таңдау болып табылады. Дене түстес шұлықтардың таңдайтын кезде теріңіздің түсіне мән беріңіз. Шұлық пен қолыңыздың терісінің түсі бір реңкте болуы керек. Бұл түстегі колготкаларды ашық түсті киімдердің барлығымен кие беруге болады.

Қара түсті шұлықтар - колготкалардың арасында ең танымалы және сұранысқа ие. Бұл түс күнделікті киюге де, мерекелік кештерге де үйлеседі, әрі аяқты ұзын етіп көрсетеді. Оны кез келген белдемше немесе көйлекпен үйлестіруге болады.


Фото: timeforwoman.ru

ERNUR.KZ