ИРАН, ИЗРАИЛЬ, АҚШ...: 2026 жылы 74 ел саяхатқа қауіпті деп танылған

0
109

Әлем елдерінің қауіпсіздігіне ешкім кепіл бере алмайды.


ИРАН, ИЗРАИЛЬ, АҚШ...: 2026 жылы 74 ел саяхатқа қауіпті деп танылған

иллюстрациялық фото: АЗМ

Қазір дүниежүзіндегі көптеген елдер өзара соғысып жатыр. Тап қазір бұл тақырып АҚШ, Изралиль, Иран, Ресей, Украйна, Ауғанстан, Пәкістан елдеріне тікелей қатысты. Осы ретте жаһандық қауіптерді бақылауға және дағдарыстар туралы ерте ескертуге маманданған неміс компаниясы АЗМ 2026 жылға арналған жаһандық тәуекелдердің жаңартылған картасын жариялады. Бұл жыл сайынғы шолу әлемнің қай жері қауіпсіз және қай жерде, керісінше, қақтығыстар, наразылықтар мен зорлық-зомбылық ықтималдығы артып келе жатқанын көрсетеді.


ТӘУЕКЕЛ КАРТАСЫ 2026: ДАҒДАРЫС ҚЫСЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕМ

A3M мәліметтері бойынша, әлемнің 106 елі саяхаттау үшін қауіпсіз болып саналады. Алайда, 74 мемлекет қазірдің өзінде жоғары тәуекел аймағына енген. Қауіпсіз аймақтар жасыл реңктермен, ал қауіпті аймақтар қызғылт сары және қызыл түстермен ерекшеленеді. Карта тек әскери қақтығыстарды ғана емес, сонымен қатар ішкі тұрақсыздықты, саяси дағдарыстарды және қылмыстың өсуін көрсетеді.


ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ АФРИКА: ҚЫЗЫЛ ЖАЛАУЛАР

Өткен жылмен салыстырғанда ең маңызды өзгерістер Таяу Шығыс пен Африкада болды. Шиеленістің жалпы өсуіне қарамастан, оң өзгерістер де бар.

Сонымен, сарапшылар бірнеше күн бұрын Израильде және Иорданияның батыс жағалауында жағдайдың ішінара жақсарғанын жазды. «Жанжал қалады, бірақ қауіпсіздік деңгейі сәл көтерілген. Осыған ұқсас үрдіс Иранда да байқалады. Израильмен жаңа шиеленісу қаупі сақталғанымен, ел ішіндегі жағдай тұрақтануда», - деп мәлімдеген сарапшылар. Алайда соңғы бірнеше күннің ішінде әлемді дүрліктерген қырғи-қабақ майдан жүріп жатыр.

Бірақ басқа аймақтарда қарама-қарсы динамика бар. Таиланд пен Камбоджада бұрыннан келе жатқан аумақтық дау қайтадан белсенді кезеңге өтті. Гвинея-Бисауда да әскери төңкерістен кейін саяси шиеленіс азаймай тұр.

Сонымен қатар, Эквадорда жанармай субсидияларының жойылуына қарсы жаппай наразылықтар орын алып жатыр. Бұл демонстрациялар көшедегі қақтығыстарға ұласып, әлеуметтік тұрақсыздықты күшейтті.


ОҢТҮСТІК АЗИЯ: ҮНДІСТАН МЕН ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ УАҚЫТША ТЫНЫШТЫҚ

Жаһандық турбуленттілік аясындағы тұрақтанудың кішігірім белгілері Оңтүстік Азияда байқалады.

Кезекті бір лаңкестік шабуылдан кейін Үндістан мен Пәкістан уақытша бітімге келді. Алайда, сарапшылар «жанжал шешілмеген және оны қалпына келтіру қаупі жоғары болып қала береді» деген ой айтады.

Мадагаскарда, керісінше, Қазан төңкерісінен кейін саяси белсенділік уақытша төмендеді. Бұл елге тыныштық сыйлады, бірақ тұрақсыздық сол күйі сақталған.


АФРИКА: НАРАЗЫЛЫҚТАРДАН ЖИҺАДИЗМГЕ ДЕЙІН

Ең маңызды жағдай A3M картасында ашық қызыл түспен белгіленген Мозамбикте орын алды. Онда президенттік билікті ұзартуға қарсы наразылықтар жалғасуда. Ал жиһад топтары көбірек шабуыл жасау үстінде.

Танзанияда қазан айынан бастап үкіметке қарсы демонстрациялар өтіп жатыр. Зорлық-зомбылық деңгейі төмендегенімен, ел әлі де тұрақсыз санатқа жатады.

Ал басқа полюсте орналасқан Ботсвана, Намибия және Маврикий Африканың ең тыныш аймақтарына жатады. Саяхаттауға болады, бірақ бұл елдерде де ереуілдер, тропикалық аурулардың өршуі немесе табиғи апаттар жоққа шығарылмайды.


ОҢТҮСТІК АМЕРИКА: ҚЫЛМЫС ПЕН ҚАУІПТІҢ ӨСУІ

Оңтүстік Америка әлі де тәуекел аймағы болып табылады. Венесуэлада есірткі саудасына қарсы күреске байланысты АҚШ-пен қақтығыс күшейген. Аумақтық шағымдары шешілмеген Гайанамен шекара туралы дау да қосымша шиеленіс тудырады.

A3M алғаш рет трансшекаралық қылмыс, есірткі картельдері, контрабанда, қару-жарақ саудасы қазір аталған аймақтың тәуекелдерін бағалауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Дегенмен, Чили, Уругвай және Аргентина салыстырмалы түрде қауіпсіз елдер болып қала береді.


ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ХАОС АРАСЫНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК

Биыл әлем елдерінің қауіпсіздігі екіұшты болып көрінеді. Бір жағында — жағдайдың біртіндеп жақсаруы байқалатын мемлекеттер, екінші жағында — жаңа қақтығыстардың алдында тұрған аймақтар. Сондықтан қауіпті аймақтарға барар алдында ескертулер мен ресми ұсыныстарды мұқият қадағалауға кеңес береміз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Туристер валюта айырбастауда жиі жіберетін 5 қате

МӘДЕНИ ШОК: шетелде саяхатшыларды "шалқасынан түсірген" жағдайлар