Ол орындармен танысу, мүмкіндік болса барып көру фильмнің фанаттарына қызық болатыны сөзсіз.
«Кальмар ойыны» - бүкіл әлемде сансыз көрерменнің қызығушылығына ие болған танымал сериал. Бірінші маусымы өзінің ерекше кейіпкерлері және ұмытылмас көріністерімен есте қалды. Ал жақында ғана жарық көрген екінші маусымы тағатсыздана күткен фанаттардың көзайымына айналып үлгерді.
Көптеген фанаттар сералдың түсірілім орындарына қызығушылық білдіреді. Ойындарға арналған павильондар арнайы құрылған болса, кейбір көріністер Сеулдің белгілі бір мекендерінде түсірілген. Ол орындармен танысу, мүмкіндік болса барып көру фильмнің фанаттарына қызық болатыны сөзсіз.
- Янчже Азаматтық орман метро бекеті
«Кальмар ойыны»осы жерден басталады. Бірінші бөлімде бас кейіпкер Сон Ки Хун Шақырушымен Ттакчи ойынын ойнайды. Бұл көрініс дәл осы метро бекеттінде түсірілген.
Метроға жақын жерде ең үлкен көрме және Сеул музей орталығы орналасқан.
- Пэгун базары
Сюжет бойынша бұл жерде Сон Ки Хунның және Чо Санг Бу (номер 218) аналарының балық сататын дүкендері орналасқан. Базарда теңіз өнімдерінің көптеген түрлері сатылады. Сеул тұрғындары көптеп жиналатын әрі адамдар бір-бірімен белсенді сөйлесіп, сауда-саттық жасайтын орын болғандықтан, жапон мәдениетінің қанық бояулы көріністерін береді.
- «Поконпанг» дүкені
Ки Хун қызына ойыншық ұтып алуға тырысатын жер. Сериал шыққан соң бұл ойын автоматтар орналасқан дүкенге көптеген фанаттар легі келді.
Ойын үшін тиын алып келуді естен шығармаңыз. Мұнда картамен төлем жасау мүмкін емес.
- Paradise City қонақүйі
VIP қонақтардың отырысы түсірілген люкс-апартамент Инчхондағы Paradise City-ге тиесілі. Бұл Оңтүстік Кореяның ең сәнді қонақүйлерінің бірі болып саналады.
- CU Ssangmun Uicheob Branch дүкені
Бұл Сон Ки Хун мен О Иль Нам кездескен жер. Бұл – әдеттегі шағын дүкен, бірақ сериалдан кейін культтік орынға айналды. Осында соджу ішіп, лапша мен ащы тағамдардың дәмін татып көруге болады. Мұндай дүкендер корей мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
- IFC Towerмұнарасы
Соңғы бөлімде Ки Хун мен №001 қатысушының кездескен көрінісі осы жерде түсірілген. Бұл әйнек қабырғалары мен қатаң сызықтары бар биік мұнара. Мұнараның жоғарғы қабатынан Сеулдің керемет көрінісін тамашалауға болады.
- Сонгапдо аралы
Бұл Инчхордағы жеке, алым және жұмбақ арал. Сценарий бойынша негізгі оқиға осы аралда өрбиді. Дронмен түсірілген көріністер аралдың барша сұлулығын алақандағыдай көрсетеді.
Сонгапдо аралы — Инчхон қаласында орналасқан жеке, ерекше және алыс арал. Бұл арал Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның арасындағы тарихи және стратегиялық маңызды орындардың бірі болып табылады. Сонгапдо аралының негізгі ерекшелігі — оның географиялық тұрғыдан оқшауланғандығы мен табиғи әсемдігі.
Арал туризм үшін белгілі бір дәрежеде жабық болғандықтан, оны көпшілік кеңінен білмейді, бірақ оның ерекшелігі мен тыныш атмосферасы көптеген кинематографистердің назарын аударған. Аралды түсіру үшін «Кальмар ойыны» сияқты әлемге танымал жобалар қолданды.
Сонгапдоның табиғи ландшафтары мен әдемі көріністері аралды фильмдер мен фотосессиялар үшін өте қолайлы орын етеді. Сонымен қатар, арал тарихи және мәдени маңызға ие, себебі ол Кореяның маңызды порттарының бірі болып табылады.
Дайындаған: Б. ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: