Қыста демалу – жазғы демалысқа қарағанда қызықты, әрі маңыздырақ болып есептеледі. Өйткені, қыстағы суық, бұлтты ауа-райы өз тартымдылығын тез жоғалтады, ал күн кейде жарқырап тұрғанымен, ыстық бола қоймайды. Сондай-ақ, қыс күзгі күйзелісті жеңеді және күнмен шағылысқан теңіз, жылы құм, мол жемістер туралы әсерлі ойларға жиі батырып, рахат сыйлайды. Бірақ жаз жақында бола қоймайды... Сондықтан, жазды күтпеңіз – жазды іздеп барыңыз!
көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден
Егер Сіз осы қыста қайда демалудың дұрыс екенін білгіңіз келсе, онда біз барлық жағынан тиімді, ауа райы ерекше, түндері тыныш, күндері қызықты, теңіз айдынындағы мейрамханасында жаңа піскен нәзік тағамдарымен немесе сауық кештеріндегі көңіл көтертетін бағдарламарымен баурап алатын саяхатты ұсынамыз.
Алыс-жақын шет елдерде қысқы демалыс үшін көптеген бағыттар бар, бірақ біз Сіздер үшін осы 6 үздік нұсқаларды таңдап алдық.
ВЬЕТНАМ
Вьетнамның кереметтері:
• Жаңа, балғын теңіз өнімдері және экзотикалық жемістер;
• Көгілдір теңіз, шексіз жағажай, жабайы джунгли және жыл бойғы жаз;
• Үздік жергілікті мейрамханалар, көптеген емдік шипажайлар және түрлі елдің асханалары;
• Көне тарих. Елдегі ең көне көрікті орындарының бірі — Нагар мұнарасы, Вьетнамдағы ең үлкен 49 метрлік Будда Шакьямунидің мүсіні сақталған орталық;
• Дайвинг. Нячанг курортының жағасында Мун аралы орналасқан. Оның жанында суға түсуге арналған ең танымал орындар – «Мадонна-рок», «Коралл бағы» және «Саңырауқұлақ» бар. Сондай-ақ, әлемдегі танымалдылығы бойынша екінші орынды иеленетін суға шомылу орны осындағы «Ку Лао Чам Дананг» курортына жақын жерде орналасқан. Бірақ, мұнда рұқсатсыз суға түсуге тыйым салынған, себебі бұл жерлерде ауа райы тым жиі өзгереді.
ШРИ-ЛАНКА
Ал, Шри-Ланкада Сіздерді:
• Ғажайып құмды жағажайлар;
• Балалармен бірге демалатын үздік демалыс орындары;
• Аюрведиялық дәстүрлер және сауықтыру орталықтары;
• Талғамы ерекше адамдарға арналған орындар;
• Өте қызықты демалысқа арналған мүмкіндіктер: серфинг, суға шомылу, снорклинг, рафтинг, гольф;
• Сауда орындарындағы: тоқымалар, тері өнімдері, қымбат бағалы тастар, шайдың түрлері;
• Тарихи және табиғи экскурсиялар күтеді.
ИЗРАИЛЬ
Израил сыйлайтын мүмкіндіктер:
• Қызыл теңіз жағасындағы ақ құмды жағажайларда демалу;
• Бетпердемен шомылып, су астындағы Маржандарды көру;
• Өлі теңіз жағасында демалу және сауықтыру орталықтарында ем қабылдау;
• Әлемдік Ұлы үш діндегілердің қасиетті мекендеріне саяхаттау;
• Экзотикалық ұлттық тағамдар: фалафель, хумус, шаурма, тхина, түрлі салаттардан құралатын кең асханадан дәм тату және т.б.
ИНДИЯ
Индия елінің «мәзірінде»:
• Майда алтын түстес, қызғылтым, сарғыш, ақ тіпті қара құмды созылып жатқан демалыс жағажайлары;
• Кез келген бағаға лаықталған қонақүйлер: өте арзан бағалы қонақүйден қымбат отелдерге дейін;
• Ешқандай дүние тең келмейтін индиялық әсер;
• Қыстағы ең экзотикалық ыстық болатын ел, мұнда ең қысқа ауа райының бұзылуы болады (6,5-7 сағатқа созылатын);
• Араб теңізінің жағасынан көрінетін ғажайып Күннің батуы;
• Әрдайым шынайы күлкімен қарайтын жергілікті тұрғындар бар.
ТАЙЛАНД
Егер, Сіз, қыста Тайландқа саяхаттасаңыз:
• Өте танымал Том Ям ащы сорпасының дәмін тату және ол жайлы, оныңкіндей қайталанбас дәмді тағамды қалай жасауға болатынын білу;
• Аспанға Тайлық қағаз шамдарды ұшыру және оны мыңдаған адамдар арасынан тамашалау (Бұл – өмір бойы естен кетпестей оқиға болары сөзсіз, оның үстіне жаныңызды рахатқа бөлейді);
• Пілмен серуендеу немесе жәй ғана оны бананмен тамақтандыру;
• Қай жерде жүрсең де, өте көп айтылатын Тай массажының не екенін білу және одан керемет рахат алу бақыты бұйырады.
ДОМИНИКАН
Доминикан елінде:
• Еркін саяхат;
• Аппақ қардай майда құмды жағажай және мөлдір түсті су;
• Жағымды климат (онда қыс маусымы қатты ыстық және толассыз жауынсыз);
• Өте бай су асты әлеміндегі – Маржан тастар, үлкен тасбақалар, теңіз жұлдыздары, сан мың түрлі балықтар;
• Балықшыларға арналған керемет орындар;
• Доминиканның солтүстік жағалауындағы Қаңтар айында болатын киттердің қоныс аударуы;
• Судағы – рафтинг, сафари-джип, суасты аңшылық, серфинг сияқт спорт түрлері мен керемет табиғат Сіздің демалысыңыз үшін қызмет етеді.
Міне, біздің Сіздер үшін таңдаған саяхат бағыттары осындай.
Дайындаған: Б.Ерман