Ұшақтағы орынды ҚАЛАЙ және ҚАЙ ЖЕРДЕН таңдаған дұрыс?

0
761

Сізге керек бірнеше кеңес.


Ұшақтағы орынды ҚАЛАЙ және ҚАЙ ЖЕРДЕН таңдаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер сіз ұшақ билеттерін бірінші рет алып жатсаңыз, шатасуыңыз мүмкін. Тіпті, бірнеше рет алып көргендердің өзі орын таңдаудан қателесіп жатады. Сондықтан бүгін ұшақтағы орындарды қалай «брондау» керектігін, борттағы орынды таңдауға байланысты қандай артықшылықтар бар екенін және орналастыру опцияларын қарастырамыз.


Орынды қалай және қайдан брондау керек?


Кез-келген әуе компаниясының өз ережелері және ұшақтан орын сатып алу және брондау тәсілдері бар. Мұны билеттерді сатып алу кезінде немесе одан кейін, сондай-ақ рейске тіркелу кезінде жасауға болады. Алғашқы екі жағдайда сіз компаниялардың ресми сайттарын, олардың сату кеңселерін, байланыс орталықтарын, мобильді қосымшаларын немесе агенттіктерді пайдалана отырып, ұшақтан орын брондай аласыз. Ал, егер орынды рейске тіркелу кезінде сатып алсаңыз, онда бәрі қарапайым болады: мұны онлайн тіркеу кезінде немесе әуежай ғимаратындағы кассада жасай аласыз.


Орналастыру опциялары

Көптеген адамдар үшін ұшақтан таңдаған орын да, орындықтардың жайлылығы да өзгеріссіз қалады. Сонда, ұшақтағы ең жақсы орынды қалай таңдауға болады?


Әңгімені әуе компаниясының веб–сайтынан сатып алуға немесе брондауға болатын стандартты орындардан бастайық. Терезенің түбіндегі орын сізге пейзажды көруге мүмкіндік береді және сізді ешкім алаңдатпайды. Ал, ұшу кезінде кедергісіз қозғалу үшін дәлізге жақын орындыққа артықшылық берген дұрыс, содан кейін ешкімді мазаламай, еркін қозғала аласыз. Ал, ортадағы орындық жол бойы жан-жағымен әңгіме айтып баратындар үшін тиімді.


Сонымен қатар, авиакомпаниялар көбінесе эконом-кластың алдыңғы қатарында немесе апаттық шығу есігіне жақын болатын жайлы орындарды ұшақта брондау мүмкіндігін ұсынады. Борттағы мұндай орындардың артықшылығы айқын, яғни аяқ созып отыруға қолайлы кеңістік болады. Бірақ, мұндай орындар 18 жасқа толмаған адамдарға, қозғалысы шектеулі жолаушыларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ ағылшын немесе орыс тілдерін білмейтін адамдарға берілмейді.


Орындарды таңдау құны және артықшылықтар

Кейді бір деңгейдегі орындардың құны әр адам үшін әртүрлі болып келеді. Бұл билетті қалай сатып алатыныңызға байланысты екенін есте сақтаңыз. Брондау арқылы, онлайн тіркелу кезінде немесе әуежайда. Бұл тұрғыда орынның бағасына түрлі авиакомпаниялар ұсынатын орынды тегін брондау, жайлылығы жоғары орынды таңдау сынды түрлі жеңілдіктер де маңызға ие.


Шектеулер

Кез келген ұшақта орындарды брондау мүмкіндігі бар. Бірақ, салонға жүгімен кіретін жолаушыларға орын таңдау мүмкіндігі берілмейді және жануармен саяхаттайтындарға тек белгілі бір орындар ғана қолжетімді болады. Егер сіздің жаныңызда екі жасқа толмаған бірнеше бала болса, олардың біреуін ғана бөлек орынсыз тіркеуге болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ұшар алдындағы қорқынышты ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?


ТУРИСТЕРДІ барлық жерде қуана ҚАРСЫ АЛМАЙДЫ