Жаһандық туризмдегі ОЙ САЛАТЫН ТРЕНДТЕР

0
826

Бұл болжамдар сіздің де ойыңызды өзгертеді.


Жаһандық туризмдегі ОЙ САЛАТЫН ТРЕНДТЕР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Expedia, Skyscanner және Booking 2024 жылғы туристік тренд болжамдарын шығарды. Жаһандық агрегаторлық компаниялардың болжамдары мен ұсыныстары саяхатшылардың мінез-құлқын талдау негізінде жасалған. Сәйкесінше, ішкі және сыртқы туризмде осы тенденциялардың өсуі байқалады. Жаһандық трендтер туралы білу туристердің жаңа қажеттіліктерін болжауға көмектеседі. Сонымен қатар туроператорлар мен қонақүйлерге заманауи туристік өнімдерге арналған идеяларды ұсынады.


Бірінші тренд. Үнемге жақын саяхатшылар қаражаттың бір бөлігін «әдемі өмірге» жұмсауға дайын

Туристер айтарлықтай шығындарсыз-ақ жайлы және жарқын демалудың жолдарын іздейді. Мысалы, 4 жұлдызды қонақүйдегі бюджеттік ұсынысты таңдау арқылы қымбат қызметтерге қол жеткізе алады. Мысалы: премиум көліктерді жалға алу, сәнді қонақүйлерде SPA-ға бару, жоғары деңгейлі гидтермен жеке экскурсияларға тапсырыс беру.

Бұл тренд туроператорлар мен қонақүйлерден ұсыныстарды қалыптастыруға теңдестірілген көзқарасты талап етеді. Тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді негізгі саяхат бағалары жоғары сапалы қызметтермен толықтырылуы керек. Тіпті орташа және үнемді баға сегментімен сатып алушылар да «әдемі өмір» үшін премиум қызметтерді сатып ала алуы керек. Қысқа уақытқа болса да.


Екінші тренд. Жергілікті мәдениетке ену.

Туристер ондағы өмірді көргісі келмейді, бір бөлшегіне айналуды қалайды

Қазір адамдар арасында мәдениет пен тарихқа деген қызығушылық артып келеді. Алайда саяхатшылар қандай да бір жердің дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен экскурсияларда емес, жергілікті тұрғындармен аралсу арқылы танысқанды жөн көреді. Ерекше тәжірибе іздегендер қолөнер шеберханаларына, жергілікті аспаздардың сабақтарына барып, мерекелер мен фестивальдерге қатысады.

Бұл трендті ұстанудың ең жақсы жолы – жергілікті қауымдастықтармен байланысу. Мұндай өзара әрекеттесудің мысалдары көптеген елдің туризмінде бар.


Үшінші тренд. Тұрақты туризм және саналы саяхат

Барлығы айтатын тұрақты туризм – бұл өте қарапайым түсінік. Бүгінде көптеген саяхатшы туризмнің қоршаған ортаға және жергілікті қауымдастықтарға әсері туралы ойлана бастады. Нәтижесінде экологиялық таза саяхат нұсқаларына сұраныс артты. Туристер табиғатқа аз әсер ететін сапарларды қалайды.

Қонақ үйлер үшін тұрақтылық тұжырымдамасы – мейрамханада жергілікті өнімдерді пайдалану, энергияны үнемдеу және қоқысты бөлек жинау сияқты экологиялық таза тәжірибелерді қолдану.

Туроператорлар жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру арқылы туристік аймақтардың тұрақты дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, олар өз бағдарламаларына жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын арнайы көрікті жерлерге баруды қамтамасыз етіп, туристерге экологиялық жобаларға қосылуға мүмкіндік бере алады. Мұның бәрі қонақтарға демалыс аймақтарының мәдени және табиғи мұраларын сақтауға қатысуға мүмкіндік береді. Тұрақты туризм қағидаттарына сүйене отырып құрылған бағдарламаларды ілгерілету туроператордың өнімін ерекшелейтін бірегей чип болуы мүмкін.


Төртінші тренд. Бірегей гастрономиялық тәжірибені табу

Саяхатшылардың жергілікті тағамдарға деген қызығушылығы да артып келеді. Туристер үшін жергілікті тағамдардан дәм татып көру жеткіліксіз, олар тағамның сипатыман, дәмімен, сол жердің атмосферасымен рахаттана отырып, ерекше аспаздық тәжірибе алғысы келеді. Дәм тату иммерсивті қойылымдар сияқты болады. Көптеген турист тіпті бірегей мейрамханалар мен ерекше тағамдар туралы ақпаратқа назар аудара отырып, сапар бағытын таңдайды.

Болжам авторлары қонақүй мейрамханаларында жаңа, жергілікті тағамдарды ұсына отырып, қонақтар тартуды ұсынады. Олардың пікірінше аспаздық сабақтарын ұйымдастыру қонақтарды аймақтың аспаздық мәдениетіне бойлатудың жақсы тәсілі болады. Әртүрлілікті қалайтын туристер үшін тағы бір идея — әйгілі жергілікті мейрамханаларда түскі ас немесе кешкі ас қосылған гастрономиялық пакеттер ұсыну.

Туроператорлар өз кезегінде жергілікті базарларға, фермалар мен мейрамханаларға баруды көздейтін гастрономиялық турлар мен экскурсияларды дамыта алады. Гастрономиялық тақырып аумақтардың жарнамалық науқандарына серпін сыйлайды.


Бесінші тренд. Өзіңізді тану және жаңа нәрселерді үйрену үшін саяхатқа шығыңыз

Саяхат енді жай ғана көңіл көтеру емес, өзіңіз туралы көбірек білудің, жаңа білім мен дағдыларды алудың жолы. Мұндай турларға көбінесе йога сабақтары, әртүрлі өнер түрлері бойынша шеберлік сыныптары, аспаздық сабақтары, жеке өсу семинарлары және т.б. бағдарламалар кіреді. Ондағы негізгі мақсат – қатысушыларға үйлесімділік табуға, шығармашылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, сондай-ақ олардың ішкі әлемін байытуға көмектесу.

Тиісінше, қонақүйлер йога және медитация бағдарламаларын дамыта алады, сонымен қатар өзін-өзі дамыту бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыра алады. Туроператорлар жеке дамуға бағытталған турлар, білім беру курстары, көшбасшылық тренингтер, қызықты адамдармен кездесулер ұсынады.


Бүгінге туризм саласындағы әлемдік 5 тренд жеткілікті болар. Қалған трендтерді келесі мақалалардан оқи аласыздар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тамыз айында ҚАЙДА ДЕМАЛҒАН дұрыс?


ЕШҚАШАН БАРА АЛМАЙСЫЗ! Әлемдегі баруға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер