Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәселен, өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 миллион теңгеге өтінім берген.
Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді.
Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.