​170 шымкенттік тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

0
2 098

Өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.


​170 шымкенттік тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды

Шымкентте 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і ерекше балалары бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді.

Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында«2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде несие беріледі.
Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.