21-22 қарашада "Шымкент 2020 жылы – ТМД-ның мәдени астанасы" жылының жабылу рәсімі өтеді

0
1 585

Жабылу салтанатында отандық әншілер тыңдармандарына тосын сый жасамақ.


21-22 қарашада

Шымкент қаласында "Шымкент 2020 жылы – ТМД-ның мәдени астанасы" жылының жабылу рәсімі өтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы "Шымкент 2020 жылы – ТМД-ның мәдени астанасы" жылының жабылу рәсіміне дайындық үстінде.

Бұл шара бұрынғыдан өзгерек болмақ. Айтулы рәсімде биыл шетелдік әртістер емес, өзіміздің Шымкенттен шыққан отандық эстрада әншілері өнер көрсететін болады.
Екі күнге жоспарланған дайындық қызу жүріп жатыр. «ЖІГІТТЕР» ТОБЫ МЕН БАУЫРЖАН ИСАЕВ және басқа да әншілер түсірілім жұмыстарына атсалысуда.
Еске сала кетейік, 21-22 қарашада "Шымкент 2020 жылы – ТМД-ның мәдени астанасы" жылының жабылу рәсімі.
Жабылу салтанатында отандық әншілер тыңдармандарына тосын сый жасамақ.