262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
2020 жылдың 26-шы сәуіріне дейін Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал мен сайттар арқылы 534 493 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Жалпы әлеуметтік төлем алатын 265 895 азаматтың ішінде 253 113 өтініш бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 261 313 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек банктік карталарына аударылған.
Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.