Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру, сапалы, тұрақты электр, жылу энергиясымен қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Р.Тұңғышбаев саладағы өзекті мәселелерді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын лицензиялауға қатысты ұсыныстарды жеткізді. Жалпы, қазір арнаулы қызмет алатын азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Бұл ретте қала әкімі әлеуметтік қамсыздандыруда жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойып, алдын алу шараларын пысықтауды тапсырды.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы Е.С. Нұрбеков қала аумағындағы энергия таратушы ұйымдардың жұмысына, электр жабдықтары мен электр желілерінің жағдайына талдау жасады. Бүгінде бұл бағытта да атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Жауаптыларға электр станциялары мәселелерін пысықтап, үздіксіз жылумен жабдықтау үшін қазандықтардағы электрмен жабдықтаудың резервтік көздерін қамтуда нақты тапсырмалар берілді.
Аппарат мәжілісінде халықпен тығыз байланыс орнату, өзекті мәселелерді шұғыл, сапалы шешу мәселесі көтерілді. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында мереке күндерінде тазалық шараларын күшейту бойынша да тапсырмаларды бекітілді.