Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 345 жас үйлі болды

0
928

Қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған.


Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 345 жас үйлі болды
Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар.

2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 20 бала – колледжге оқуға түскен болса, 23 бала мемлекеттік грант иегері атанған. Ал 16 бала ЖОО-ның ректорларының гранттарына ие болып оқу орындарына түсті.
Одан өзге, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 661 балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы төленіп жатыр.