Аталған жоба ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, тұрғындардың сапалы интернетке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы аясында ауылдық елді мекендерді FWA технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жобасының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысты.
Жоба аясында «Ауыл Телеком» компаниясының жұмысы нәтижесінде еліміздің 120 ауылында желі іске қосылып, орташа жылдамдығы 50–80 Мбит/с интернетпен 260 мыңнан астам тұрғын қамтылған. Таныстырылым барысында министр шалғай ауылдардың тұрғындарымен тікелей бейнебайланысқа шығып, байланыс сапасының тұрақтылығына көз жеткізді.
Кездесу қорытындысында Телекоммуникациялар комитеті мен «Ауыл Телеком» ЖШС арасында өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған жоба ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты азайтып, тұрғындардың сапалы интернетке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


