​«БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА»: ШЫМКЕНТТЕ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

0
69

Рухани кеш ұлы сазгердің өлмес мұрасына деген халықтың ыстық ықыласы мен құрметін тағы бір мәрте дәлелдеді.


​«БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА»: ШЫМКЕНТТЕ ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Бүгін «Шәмші әлемі» аллеясында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Бақыт құшағында» атты салтанатты мерекелік концерт өтті.

Шара композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алып, көрерменге ерекше рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Ж. Шанин атындағы театр әртістері, кештің сәнін кіргізді.
Концерт барысында сүйікті өнерпаздарымыз халық жүрегінен орын алған «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Сыған серенадасы», «Бақыт құшағында» және «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әуезді әндерді жанды дауыста орындап, көрерменді әсем әуен ырғағына бөледі. Поэтикалық көріністер мен балет труппасының билері де кешке ерекше тереңдік пен көркемдік сипат берді.
Кеш соңы барлық қатысушылардың орындауындағы асқақ «Отан» әнімен түйінделіп, Шымкент жұртшылығына ұмытылмас әсер қалдырды.
Рухани кеш ұлы сазгердің өлмес мұрасына деген халықтың ыстық ықыласы мен құрметін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бөлісу