"Бірінші болып жәрдем бер": Шымкентте жастардың қатысуымен акция өтті

0
555

Акция барысында дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттері үлестірілді.


Шымкент қаласында "Бірінші болып жәрдем бер" акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін "Birgemiz: Saulyq" жалпыұлттық жобасының "Бірінші болып жәрдем бер" акциясы аясында “Авиценна” колледжінің еріктілері Қаратау ауданы “Қайнарбұлақ” саяжайының жалғыз басты қарт кісілеріне алғашқы медициналық көмектер көрсетіп, “Джанин” қайырымдылық қорының демеушілігімен дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттері үлестірілді.
Акцияның мақсаты - қазыналы қарттарымызды қараусыз қалдырмай, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, медициналық волонтерлік бағытын дамыту.