Биыл Шымкентте 500 бала жүзуді тегін үйренген

0
631

Суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітілген.


Биыл Шымкентте 500 бала жүзуді тегін үйренген

Бүгін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспасөз мәслихатында Н.Қаракөзев қала аумағындағы шомылу маусымын қорытындылады.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңдегі шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта қала әкімінің қаулысына сәйкес практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені атқарылды. Осы ретте су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілді. Қала аумағында шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Алайда өңірдегі ыстық күндер әлі де байқалады, сондықтан да судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық рейдтер жалғасады, – деді Нұржан Нұрханұлы.
Спикердің сөзінше, арнайы белгіленген және тыйым салынған су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент тұрақты түрде насихаттау жұмыстарын жүргізген. Шомылу маусымында Департаменттің жедел-құтқару жасағының 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Қала аумағында 40-қа жуық жеке құтқарушы 18 объектіде (аквапарктарда, бассейндерде) қосымша жұмыс атқарған.
Еске сала кетейік, Департамент аудан әкімдіктерімен бірге осы жылы балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекіткен. Биыл 500 балаға жүзуді үйрету жоспарланған. Қазіргі таңда жоспар толығымен орындалды.