Биыл Шымкентте 9 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

0
646

Оның ішінде 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.


Биыл Шымкентте 9 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

Биыл Шымкент қаласында 9 342 түлек мектепті бітіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020-2021 оқу жылында Шымкенттегі 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы білім алды. Оның ішінде биылғы жылы 11-сыныпты 9 342 түлек мектепті бітіреді. Ал, 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
Сонымен қатар, қалада бүгінге дейін 4 634 талапкер ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Оның ішінде тестілеу тәртібін бұзғаны үшін 64 оқушының жұмысы жойылған.
Айта кетейік, биылғы жылы ҰБТ-ы тапсыру «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша электрондық форматта өтуде. Бұл ретте тестіленуші жылына 2 рет ақылы және 2 рет білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік ала отырып, тегін тапсырады.
Яғни қалада талапкерлер 6 мамыр мен 30 маусым аралығында санитарлық нормаларды сақтап, арнайы жабдықталған 2 аймақтық «U-Study» тестілеу орталықтарында (білім беру гранттарын тағайындау конкурсы арқылы 2 мүмкіндік) ҰБТ-дан өтеді. Ал тестілеу барысын «Адалдық алаңы» қызметкерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелері бақылайды.
Жалпы биылғы жылы пандемияға байланысты «Соңғы қоңырау» іс-шараларын өткізу үшін аниматорлар мен мерекелік агенттіктердің жеке студиялардың қызметіне жүгіну, мерекелік дастархан ұйымдастыру, автомобильдерді жалға ала отырып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізу, мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.