БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕСИЕ ЖӘНЕ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

0
525

Ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлікке жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады.


БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕСИЕ ЖӘНЕ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі.

Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жолданады. Қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды.

Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – ішінара кепілдендіру. Кепілдендіру – әрбір кәсіпкер несие алған кезде кепілдік заттары жетпеген жағдайда жаңадан өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге «Даму» қоры 360 млн. теңгеге дейін кепіл бола алады. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеге дейін кепілдік береді. Бұл бизнес өкілдеріне зор мүмкіндік.

Бұдан өзге, ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлікке жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады. Грант қаражаты 5 млн. теңгеге дейін. Ол үшін кәсіпкер өзінің бизнес жоспарын әзірлейді. Негізігі талап – инновациялық жоба ұсыну. Айта кетейік, грантқа конкурс жылына 2 рет өткізіледі.

Бөлісу