Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Бөлшек сауда дүкендеріне Виртуалдық қоймалар жасау керек емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер үшін (оның ішінде «үй жанындағы дүкендер») тауарларға ілеспе жүкқұжат бойынша заңнамада мынадай ерекше ережелер белгіленген.
Мұндай салық төлеушілер ешқандай Виртуалдық қоймалар жасамауы керек.
Олар тек сатып алынған алкоголь өнімдеріне немесе темекіге арналған ТІЖ растайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.
Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Қалай тіркелуге болатыны және жеткізушіден алынған ТІЖ қалай растау керек екені туралы бейнесабақтар ҚР ҚМ МКК сайтында («ЭШФ АЖ» бөлімі, «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» кіші бөлімі, «Бейнесабақтар» қосымша беті) және «ҚР ТІЖ енгізу» YouTube арнасында орналастырылған.
Қалған тауарлар бойынша алынған өнімді растау талап етілмейді.
Тауарларды өткізу бойынша онлайн-БКМ чектерін басып беру қажет. Мұндай өткізулер үшін ТІЖ ресімдеу талап етілмейді.
«Мұндай салық төлеушілердің Виртуалдық қоймасында онлайн-БКМ чектері бойынша өткізілген тауарларды есептен шығармау заңнаманы бұзу болып табылмайды», - деді Ж.Іңкәрбаев.