Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

0
2 076

Кез келген кәсіпкер бұл қордан өз жобасын ұсынып тегін кеңес пен жылына 6%-дық несие ала алады.


Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

Жеке кәсібін ашып, өз ісін дербес жүргіземін деген азаматтар қашан да қолдауға, көмекке мұқтаж келеді. Шағын және орта бизнес бастау үшін 6%-дық субсидия, жеңілдетілген несиеге алуға «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры көмектеседі. Оның жұмыс барысымен ERNUR.KZ тілшісі танысып қайтты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 1997 жылы өз ісін бастады. Оның филиалдары Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс істейді. Қорының негізі миссиясы – Қазақстанның шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға ықпал ету.

- Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қолдау бойынша «Даму» қоры осы жылдың 9 айында Шымкент қаласында субсидиялар есебінен жалпы сомасы 29,54 млрд теңге болатын 123 жобаға қолдау көрсетті. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп, - дейді Шымкент қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық директоры Алмас Тастанов.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қазіргі таңда 3 бағыт бойынша:

• «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша - 17,286 миллиард теңгеге 97 жоба;

• «Қарапайым заттар экономикасында» - құны 9,75 миллиард теңгені құрайтын 26 жоба;

• «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша - 2,5 млрд. теңгеге 1 кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Нарықтағы қазіргі жағдайға қарамастан, осы жылдың 9 айында жобалардың ішінара кепілдемесі өскен. Кепілдеме бойынша жалпы несие сомасы 4,1 млрд.теңгеге кәсіпкерлердің 68 жобасы қолдау тапты, оның ішінде кепілдік сомасы 1,0 млрд. теңгеге жеткен.

Осы кезеңде Шымкенттегі аймақтық филиал 330 жобаға мониторинг жүргізіп, екінші деңгейлі банктердегі 257 жобаға қолдау көрсетіп, 449-ға жуық клиентке кеңес берді.

Кепіл заты болса кәсіпкерлердің бәріне қолдау бар. «Даму» қоры жоба ұсынушыларға 85% кепілдік береді. Ол кәсіпкердің ұсынған жобаларының нарықтағы сұранысына байлансты. Өз кәсібін бастаушылардың басым бөлігі өнеркәсіп, медициналық бұйым өндіру, тасымалдау, қызмет көрсету, сауд-саттық саласын қаражат көзіне айналдырған екен.

- Қаражат көлемі белгіленбеген. Ол жоба ұсынушының қажеттілігіне байланысты. Мысалға бастаушы кәсіпкерлерге 360 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Ал дамушы кәсіпорындар үшін 54 млн теңге көлемінде несие рәсімдеуге болады, - дейді Шымкент қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық директоры Алмас Тастанов.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдік беруінің арқасында көптеген кәсіпорындар мемлекеттік қолдауға ие болды. Солардың бірі «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС директоры Гүлия Жүзенова. Ол осы қордан 3 млрд теңге несие алып, медициналық бұйымдарды шығарумен айналысады. «ЭкоФарм» кәсіпоры Қазақстандағы алғашқы қан жинау және сақтауға арналған бір реттік стерильді вакуумды түтік шығарады. Одан бөлек екі жақты ине және жеңіл гипс өндіріп, оны шет елге экспорттайды.

- Біз 2010 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млрд теңге несие алдық. Несиенің жылдық пайызы - 6%, оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 9,0% құрайды. Мемлекет тарапынан өте көп жеңілдіктер жасалды. Шығарған өнімдерге сұранысты арттыру үшін «СК-Фармация» орталығымен бірлесе отырып бізге нарыққа шығуға көмектесті, - дейді Гүлия Жүзенова.

Кез келген кәсіпкер бұл қордан өз жобасын ұсынып тегін кеңес пен жылына 6%-дық несие ала алады. Басты шарт кепілге қоятын көлігі не тұрғын үйі болуы міндетті.