​Digital Qazaqstan форумында Қаржы министрлігінің цифрлы картасының көмегімен тауарды талдаудың тәсілі көрсетілді

0
104

Қолданыстағы нұсқадағы аналитика фискалды чектердің деректері негізінде қалыптасады.


​Digital Qazaqstan форумында Қаржы министрлігінің цифрлы картасының көмегімен тауарды талдаудың тәсілі көрсетілді

Шымкентте өтіп жатқан Digital Qazaqstan форумында ҚР Қаржы министрлігі Электрондық қаржы орталығымен бірлесіп, «е-Қаржымині» жүйесінің «Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы» модулінде (МҚЦК) іске асырылған тауар аналатикасының мүмкіндіктері таныстырылды.

Бұл бағдарлама еліміздегі тауар айналымының тұтастай көрінісін анықтап, өңірлер бөлінісінде қолжетімді аналитиканы қалыптастыруға бағытталған. Озық шешім Қазақстан картасында бөлшек сауда туралы мәліметтерді визуализациялап, оларды ауқымды түрде талдауға мүмкіндік береді.

Жүйе бақылау-кассалық машиналарын, сондай-ақ сауда және әкімшілік-аумақтық бірліктерді қоса алғанда, нысандардың түрлі санатына сәйкес біртұтас аналитиканы қалыптастырады. Бұған қоса түрлі кезеңдердеге байланысты аналитика, сондай-ақ тауарлар рейтингін қалыптастыру мен өңірлік ерекшеліктерді анықтауға қатысты сұраныс қолжетімді.

Қолданыстағы нұсқадағы аналитика фискалды чектердің деректері негізінде қалыптасады. Әрмен қарай электронды шот-фактуралар мен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын интеграциялау арқылы деректер көздерін кеңейту көзделген. Бұл талдаудың толықтығы мен ауқымдылығын одан әрі арттыруға жол ашады. Осы ретте Тауарлардың ұлттық каталогының бірегей цифрлы кодтары – NTIN идентификаторларын пайдалану деректерді түпкілікті сәйкестендіріп, салыстыруды жүргізуге әсер етінін айта кетейік. Биыл 1 қаңтардан бастап NTIN-ді міндетті түрде қолдану тауарларды түпкілікті сәйкестендіруді қамтамасыз етіп, айналымды талдаудың салыстырмалы және ашық жүйесін қалыптастыруға септігін тигізді.

Жүйенің функционалы өңірлер, сауда нысандары мен салық төлеушілер арасында салыстырмалы талдау жүргізуге, сондай-ақ сұраныс құрылымы мен тауар ағындарындағы өзгерістерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік қаржының цифрлы картасына негізделген тауар аналитикасы нақты тауарлар мен аумақтардың призмасы арқылы алғаш рет экономикалық белсенділікті көруге жол ашып отыр. Бұл тұтынушылық деңгейдің құрылымын тереңірек түсініп, өзгерістерге жедел ден қойып, барынша дәл шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тың құрал», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.

Жобаның таныстырылымы экономиканың ашықтығын арттыруға және мемлекеттік қаржы жүйесінің аналитикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған цифрлы құралдарды нығайтудың бір бөлігі болып саналады.

Бөлісу