Денсаулық сақтау саласына ЖИ технологияларын енгізу медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Digital Qazaqstan 2026 форумының қатысушылары медициналық ЖИ бағытындағы әзірлемелер туралы баяндады.
CortexAI жобасының негізін қалаушы Асылжан Абдуллаев ұсынылған стартап ретроспективті деректер негізінде адам денсаулығының 34 негізгі параметрін талдауға мүмкіндік беретінін айтты. Аталған жүйе үйлесімділікті автоматты режимде бағалайды және трансплантацияланатын ағзаның жағдайын болжайды, бұл дәрігерлерге емдеу тәсілдерін уақтылы түзетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта технология Қазақстанның жетекші төрт клиникасында сынақтан өтуде.
«Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Ал биыл жасанды интеллект саласындағы стартаптар мен компаниялар үшін ең қолайлы жыл болмақ. Біз алдағы жылдары Қазақстанның инновациялар мен жасанды интеллект локомотивіне айналатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Асылжан Абдуллаев.


