​Дрифттің салдары: Шымкентте «Mercedes» жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды

0
81

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.


​Дрифттің салдары: Шымкентте «Mercedes» жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды

Шымкент қаласында «Mercedes» маркалы автокөліктің жүргізушісі қоғамдық орында өрескел, әдепке қайшы әрекеттер жасап, қауіпті маневрлер орындау арқылы жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Аталған құқық бұзушылық рейдтік іс-шаралар барысында анықталды. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті әрекеттерді әдейі жасағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны белгілі болды.
Құқық бұзушылық полиция қызметкерлерімен жедел түрде тоқтатылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, авариялық жағдай туғызу, сигнал беру талаптарын орындамау, жол инфрақұрылымына зиян келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелді.
Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция ескертеді: қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың кез келген дерегі қатаң түрде тоқтатылады.
Бөлісу