​ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

0
87

Тік көгалдандырудың экологиялық маңызы да ерекше.


​ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

Шымкент қаласындағы негізгі көшелерде тік көгалдандыру қарқынды түрде жүргізілуде.

Мегаполистің сәулеттік келбетін жақсартуға, экологиялық ахуалын оңтайландыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған тік көгалдандыру жобасы аясында қала көлемінде жалпы саны 1683 арнайы конструкция орнату жоспарланған.
Сонымен қатар, 540 вазон, 293 стендке бекітілетін гүл құмыралары, 245 жарықтандыру бағанасына арналған сәндік элемент және 424 бұрыштық гүл құмырасы орналастырылады.
Бұл заманауи тәсіл қоғамдық кеңістіктерге ерекше эстетикалық сән беріп қана қоймай, шағын аумақтарды тиімді пайдалану арқылы жасыл желек көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, көше бойларындағы гүлмен көмкерілген конструкциялар қаланың көркін айшықтап, жайлы атмосфера қалыптастырады.
Тік көгалдандырудың экологиялық маңызы да ерекше. Жасыл өсімдіктер ауадағы шаң-тозаңды тұтып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ, аумақтың микроклиматын жақсартып, ауа температурасын реттеуге және аптап ыстықтың әсерін төмендетуге оң әсерін тигізеді.
Қаланы көгалдандыру бағытындағы мұндай бастамалар заманауи әрі экологиялық таза мегаполис қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.
Бөлісу