"Қарапайым заттар экономикасы": Шымкентте өндіріс орындарының саны артып жатыр

0
407

Солардың бірі - «Юникс-Beverage» ЖШС.


«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте кәсібін кеңейтіп, жұмысын сәтті жүргізіп жатқан өндіріс орындарының саны артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Солардың бірі - «Юникс-Beverage» ЖШС. Нарықта TASSAY суымен танымал. 2001 жылдан бастап компания терең жерасты ұңғымаларынан TASSAY тұщы суын табысты түрде өндіріп отыр.

2023 жылы кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында “Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие алу үшін қажетті құжаттарды жинай бастаған. Нәтижесінде, 21,25%-бен «Bank RBK» АҚ-ы арқылы қаржыландыру алады, оның 14,25%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.
Қазіргі уақытта TASSAY суының негізінде Holiday сонымен қатар TASSAY Ice Tea салқын шайы сауда маркаларымен салқындатылған газды сусындарды құю жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні Қазақ тағамтану академиясы бөтелкедегі TASSAY суын мақұлдап отыр. Бұл оның қауіпсіз ғана, ең жоғары деген сапа стандарттарына сай екендігін білдіреді. Қазақстанның қарапайым тұрғындары ғана емес, жоғары мәртебелі азаматтары мен ел қонақтары да TASSAY суына қатысты оң бағаларын берді, себебі TASSAY барлық мемлекеттік шаралар мен Президент, Үкімет, Парламент және өзгедей мемлекеттік мекемелердің қабылдауының ресми суы.
Айта кетейік, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.
Бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған. Яғни өндірісін дамытуды көздеген кәсіпкер мемлекеттен 5 жылға дейін мерзімді қаржыландырылып, субсидияланады.
ҚР Ұлттық Банкі (16,75%) базалық мөлшерлемесіне +4,5%, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Кәсіпкерлер сонымен бірге айналым қаражатын толтыру үшін қаржыландыруды - 3 жылға дейінгі мерзімге ала алады. Бұл компанияға жүктемені айтарлықтай төмендетуді білдіреді. Тағы бір артықшылығы бір кәсіпкерге несие сомасы мөлшерінде шектеулер жоқ.
Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қоры 1 миллиард теңгеге дейінгі несие үшін несие сомасының 50 пайызына кепілдік береді. Сондай-ақ, «Даму» Қорының субсидиялауға және несиелік кепілдікке өтінімдері «Электрондық үкімет» (E-gov) және «Онлайн Даму» платформалары арқылы онлайн режимінде қаралады.