Сенбілік 6 наурызға жоспарланып отыр.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 6 наурыз күні жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен 2021 жылдың 6 наурыз күні сағат 9:00-де жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілікте мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері және қала тұрғындары аулалар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Шымкент әкімдігі қала тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға шақырады. Себебі, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы.
Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюін және арақашықтықты сақтауын сұрайды.
Шара шырайлы Шымкентті тұрғындармен бірге гүлдендіру мақсатында өткізілгелі отыр.