Халық қалаулылары Президент тапсырмаларының орындалуын қадағалады

0
963

Делегация мүшелері Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасының директоры мен өзге де өңірдегі белсенді кәсіпкерлерімен кездесті.


Халық қалаулылары Президент тапсырмаларының орындалуын қадағалады

Шымкентте Мәжіліс депутаттары Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асуын талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Парламент Мәжілісінің депуттары, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Қоғамдық кеңестің мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дюсембинов, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты.