​«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: Шымкентте республикалық акция өтті

0
740


​«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: Шымкентте республикалық акция өтті

фото: «Шымкент келбеті»

ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласында жалпыреспубликалық акция өтіп, оған тұрғындар белсене қатысты.

Еске салсақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:00-де еліміздің барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын өткізу жоспарланған болатын.

Шымкенттегі аталған акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барып, жұмыс барысымен танысты.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Бөлісу