ХIV сессия: күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды

0
277

Қазіргі таңда қаланың биылғы бюджеті нақтылануда.


ХIV сессия: күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды

ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясында 15 мәселе қаралды.

Депутаттар Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараевтың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті нақтылау бойынша баяндамасын талқылады.

Қазіргі таңда қаланың биылғы бюджеті нақтылануда. Жалпы бюджет көлемін 70 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Шығыстарды жоспарлау барысында халықтың тұрмысын жақсартуға және қала дамуына қажетті бірінші кезектегі шығындарға басымдық берілді.
Сонымен қатар кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар мен міндеттер пысықталды. Сессия барысында халық қалаулылары «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жұмысына жоғары баға берді.
Жиында инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау мәселері де көтерілді.

Қала басшысы мәслихат тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Бөлісу