ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: Шымкентте 31 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

0
94

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көп қабатты үйлерден беріліп отыр.


 ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА: Шымкентте 31 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

Жаңа үйлердің салынуы және қолданыстағы ипотекалық бағдарламалардың іске асырылуы азаматтардың жеке баспаналы болуына қосымша мүмкіндік беріп отыр. Мұндай кешенді тәсіл халықтың әртүрлі санаттарына баспана мәселесін қолжетімді шарттармен шешуге жол ашады.

Осындай тиімді тетіктердің бірі – «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары. Бүгін осы бағдарламалардың қатысушысы атанған кезекті 31 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Пәтерлер Ақжайық шағынауданындағы көп қабатты үйлерден беріліп отыр.
Жаңа пәтер иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, ерекше тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Айта кету керек, пәтерлерге қоныстандыру жұмысы қаладағы шағынаудандардың дамуына және жаңа үйлердің пайдалануға берілуіне қарай кезең-кезеңімен жалғасуда.
Бөлісу