​Қырым-Конго геморрагиялық қызбасын алдын алу: кене шағудан қалай қорғанамыз?

0
77

Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы – кене арқылы жұғатын қауіпті жұқпалы ауру.


​Қырым-Конго геморрагиялық қызбасын алдын алу: кене шағудан қалай қорғанамыз?

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы кене шағудың алдын алу шараларын сақтауды ескертеді.


Жеке қорғану шаралары
• Табиғатта (далада, жайылымда, бақта) болғанда жабық киім киіңіз: ұзын жеңді киім, шалбар, бас киім.
• Шалбар балағын шұлықтың ішіне салып, денені мүмкіндігінше жабыңыз.
• Ашық түсті киім таңдаңыз (кенені ерте байқау үшін).
• Арнайы кенеге қарсы репелленттерді қолданыңыз.

Табиғаттан кейін
• Далада болған соң денеңізді, әсіресе мойын, құлақ арты, қолтық, тізе асты аймақтарын мұқият тексеріңіз.
• Киімдерді сілкіп, жуып алыңыз.
• Үй жануарларын да тексеруді ұмытпаңыз.

Кене шаққан жағдайда
• Кенені қолмен жұлмаңыз және үстіне май немесе бензин құймаңыз.
• Мүмкіндігінше медициналық ұйымға жүгініп, маманға алдыртыңыз.
• Дәрігердің бақылауында болыңыз
Бөлісу