​МӘМС: Шымкентте жекеменшік медициналық ұйымдардың қызмет сапасы бақылауда

0
224

Әлеуметтік бағдарламаның басты мақсаты - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және қолжетімділігін арттыру.


​МӘМС: Шымкентте жекеменшік медициналық ұйымдардың қызмет сапасы бақылауда

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы бойынша 188 медициналық мекеме қызмет көрсетуде.

Оның 34-і мемлекеттік, 154-і жекеменшік медициналық ұйымдар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ Шымкент қалалық филиалының сарапшылары тарапынан олардың халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне жүйелі түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.


Дегенмен, былтыр Қордың қалалық филиалына тұрғындар тарапынан сапасыз медициналық көмек көрсетілгеніне байланысты 500-ден астам шағым түскен.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бүгін жекеменшік медициналық ұйым басшыларына халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сапалы медициналық көмекпен қамту, МӘМС жүйесін жетілдіру және емханаларда тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиын барысында сақтандыру Қоры филиалының басшылығы МӘМС жүйесінде бұл бағыттағы жұмыстар медициналық қызмет берушілерге қойылатын негізгі талаптар екендігін жеткізді.

Жиында атап көрсетілгеніндей, әлеуметтік бағдарламаның басты мақсаты - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және қолжетімділігін арттыру. Сондықтан қызмет сапасы үнемі назарда болмақ. Жиналыс барысында сондай-ақ былтыр атқарылған жұмыс қорытындысы мен биылғы жылға жұмыс жоспары талқыланды.
Бөлісу