Мұрат Дүйсенбекұлы жүйелі жұмыс істеу үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмаларды жүктеді
Бүгін Шымкент қаласының әкім Мұрат Әйтенов Мемлекет Басшысының Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығынан туындаған міндеттердің орындалуын бақылау мақсатында "Алаш" пен "Жібек жолы" базарларын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ондағы санитарлық тазалық пен баға тұрақтылығын қарап шыққан шаһар басшысы базардағы азық-түлік қоры жеткілікті екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы жүйелі жұмыс істеу үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмаларды жүктеді.