​Мессенджер арқылы денсаулыққа қауіпті тауарды сатқан шымкенттік ұсталды

0
63

Оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.


​Мессенджер арқылы денсаулыққа қауіпті тауарды сатқан шымкенттік ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатқан ер адамды анықтап, ұстады.

Күдікті өнімді мессенджер арқылы сатуды ұйымдастырған: жарнамалар жариялап, тапсырыстар қабылдап, тауарды тұтынушыларға жеткізіп отырған. Осылайша ол тыйым салынған өнімді тұрақты түрде өткізіп келген.
Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен сатуға дайындалған 41 вейп табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары вейптердің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу