Мүгедек қыздың зорлануы: Шымкентте шағымнан кейін тексеріс жүргізілетін болды

0
2 591

Мониторингілік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзгелердің өкілдері кіреді.


Мүгедек қыздың зорлануы: Шымкентте шағымнан кейін тексеріс жүргізілетін болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шымкенттегі әлеуметтік орталықта мүгедек қызының зорланып келгенін айтқан ананың шағымынан кейін аталған мекемеге жоспардан тыс тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингілік топ құрылады.

Мониторингілік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзгелердің өкілдері кіреді.

Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді.