Мұрат Әйтенов 20 қала тұрғынына арнайы төсбелгі табыстады

0
709

20 адамға "Шымкент қаласының құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды.


Мұрат Әйтенов 20 қала тұрғынына арнайы төсбелгі табыстады

Бүгін қала күні мерекесіне орай «Мерекеңмен, Шымқала!» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік жиында еңбегі елеулі азаматтарға құрмет көрсетілді.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында 20 қала тұрғыны «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атанған болатын. Олар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық қызметте белсенділік танытқаны үшін осы атқа лайық деп танылды. Бірі зейнеткер-ұстаз, бірі имам болса, енді бірі профессор мен кәсіпкер.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осынау марапатқа ие болғандарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Елбасының тарихи Жарлығына сәйкес, 2018 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала статусына ие болған еді. Одан бері тұп-тура 3 жыл уақыт өтті. Қала күні – өткенді саралап, бүгінді бағалап, ертеңге болжам жасайтын мерейлі мереке. Соңғы 3 жылдың көрсеткіштеріне зер салсақ, бұл көреген шешім қаланың екінші тынысын ашты деп айтуға әбден болады, - деді қала әкімі өз сөзінде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қаланың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттап, арнайы төсбелгіні табыс етті. Мұрат Дүйсенбекұлы марапаттау сәтінде еңбегі сіңген азаматтардың бәріне ерекше қошамет көрсетті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарасаңында осындай жетістіктердің берік іргетасын қалаған, Шымқаламызға үнемі қамқорлық көрсетіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкент қаласының дамуындағы тарихи рөлін атап өтуіміз қажет. Мемлекет басшысы үшінші мегаполистің қарқынды дамуына қатысты нақты тапсырмалар беріп, биік межелер мен маңызды міндеттерді белгілеп берді. Шымкентті халыққа қолайлы қала ете түсу бағытындағы осынау жасампаз жұмысқа баршаңызды атсалысуға шақырамын. Қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін, – деді қала әкімі.

Салтанатты іс-шара одан әрі мерекелік концертке ұласты.