Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда.
ERNUR.KZ. Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы ерекше өтуде.
Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықты айшықтай түсті.
Бүгін «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында Шымкент қаласының белсенді жастары, оқу орындарының ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жастары тазалық акциясын насихаттай отыра, Арбат демалыс аймағында 300-ге жуық жастың қатысуымен «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастарды.
- Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған болатын. Қазіргі таңда абаттандыру мен сенбілік жұмыстарына қаламыздың жастары белсене қатысуда. Бұл апталықтың атауы – «Өнегелі ұрпақ». Осы орайда, жастар ардагерлер үйі, қарттар үйілеріне арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы!», - дейді М.Әуезов атындағы ғылыми зерттеу университетінің белсенді жасы Нұраят Зият.
- «Біз – жастар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» акциясын толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, ел жолында аянбай еңбек етуге уәде береміз», - деді қала жастары.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.
Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.