Нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған
ERNUR.KZ. Озық үлгіде қайта жабдықталған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов нысанның тұсауын кесіп, спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.
– Қайырымдылық істің бастамашысы болған ҚФФ президентіне өз алғысымды білдіремін. Нысанда жаттығатын жастарымыздың әлемдік деңгейде көрінуіне тілектеспін. Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.
Соңғы үлгіде жабдықталған футбол алаңында 250-ге жуық жасөспірім жаттығады. Ауқымды жоба аясында биыл елімізде 4 футбол алаңын салу жоспарланған.