​«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

0
85

Жылу беру кезеңінде тұтынушылардан түскен 6 469 өтінім уақтылы қаралып, абоненттер газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етілді.


​«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының 2025-2026 жылу беру маусымындағы жұмысы қалыпты жағдайда аяқталды.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмысы толық көлемде және жоспардан бұрын орындалған.

Дайындық аясында газ шаруашылығы нысандарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика жүргізіліп, барлық негізгі көрсеткіш 100% орындалды. «Пергам» жылжымалы зертханасының көмегімен 1 928 шақырым газ желісі тексеріліп, анықталған ақаулар толық орнына келтірілген.
Жылу беру кезеңінде тұтынушылардан түскен 6 469 өтінім уақтылы қаралып, абоненттер газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында газды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.
Есепті кезеңде 7 489 жаңа тұтынушы газ жүйесіне қосылып, қосымша 593 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласында жылу беру маусымы тұрақты өтті. Компания алдағы уақытта да газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
Бөлісу