​“QUIZ ЖАС БУЫН. ҚАРЖЫ. DIGITAL. ҚҰҚЫҚ”: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

0
114

Интеллектуалдық сайыстың басты мақсаты – жастардың құқықтық иммунитетін қалыптастырып, қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру қабілетін дамыту.


​“QUIZ ЖАС БУЫН. ҚАРЖЫ. DIGITAL. ҚҰҚЫҚ”: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Шымкент қаласында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Аталған шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылып, «Заң мен Тәртіп» қағидасын ілгерілетуге арналды.

Интеллектуалдық сайыстың басты мақсаты – жастардың құқықтық иммунитетін қалыптастырып, қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру қабілетін дамыту.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Тұрғынбай Дәурен Нұрбайұлының айтуынша, бұл сайыс республика көлемінде алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Қоғамның түрлі салаларында еңбек ететін мамандардан құралған командалар өзара бақ сынап, білімі мен біліктілігін көрсетті. Әр командаға қаладағы 7 жоғары оқу орнының проректорлары мен құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандары жетекшілік етіп, қатысушыларға бағыт-бағдар берді.
Іс-шара барысында қатысушыларға тек білімін көрсету ғана емес, жаңа идеялар ұсынып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі берілді. Мұндай бастамалар жастардың әлеуетін ашып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етеді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздардың еңбегі жоғары бағаланып, олардың кәсіби деңгейі мен дайындықтары ерекше атап өтілді.
Бөлісу