​Ресейде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

0
1 980

Жас жігіт үйленуге дайындалып жүрген.


​Ресейде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының 18 жасар тұрғыны Ирфан Ахмеджанов Ресейге нәпақа табуға бірнеше күн бұрын ғана аттанған еді. Бірақ, 30 қаңтар күні туыстары жас жігіттің тікелей эфирде өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы суыт хабар алған, деп жазады elitar.

Жас жігіт Ресейге ақылы жұмыс істеуге жіберетін фирманың қызметін пайдаланыпты. Отбасының досы Светлана Саенко жасөспірімнің өмірге деген құштарлығы мол еді, үйленуге де дайындалып жүрген дейді.

"Ирфанның Ресейге барғанына үш күн ғана болды, әрине, осы уақыт аралығында ақша тауып үлгермеді. Қазір оның отбасы қатты қайғырып отыр. Сол кеште Ирфанға не болғаны туралы болжам ақпараттарды әрең білуде. Жас жігіт жуырда ғана өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, алдағы өмірін сол қызбен байланыстырғысы келетін, ол бақытты еді. Мынадай қадамға қалай барғаны белгісіз», - дейді қара жамылған отбасының досы Светлана Саенко.

Анық болғаны, 30 қаңтар күні Новый Уренгой елдімекенінің полиция бөліміне жас жігіт тікелей эфирде өз өмірімен қош айтысқалы жатыр деген суыт хабар түседі. Біраздан кейін ол өз өмірін қияды. Светлана қаралы отбасында Ирфанның денесін елге алып келуге қаржы жеткіліксіз дейді.
«Олардың отбасында әкесі мен үш әпкесі бар. Апамыз жуырда қайтыс болған. Сондықтан Ирфанның денесін алып келіп, жерлеуге қаржымыз жоқ. Сол үшін қайырымды жандардан көмек сұраймыз – Ирфанды жеткізіп, Шымкентте жерлегіміз келеді», - дейді Светлана.

Қаладағы бірнеше сайт пен пабликтер қаржы жинау туралы жариялады. «В контакте» әлеуметтік желісіндегі «Шымкент/Сені іздеймін» тобы да осындай хабарлама жариялады.

Қайырлы күн, кеше кешкі сағат 19:30-да Ирфан Ахмеджанов тікелей эфирде қайтыс болды, оның денесін елге жеткізуге отбасының қаржысы жоқ. Көмектесемін деген жандардың Қабанбай батыр даңғылы, 16 үй, 57 пәтерге жеткізуін сұраймыз. 30.02.2019. Ұмытпаймыз, сүйеміз, қайғырамыз» делінген (Пабликтен алынған хабарламаның мәтіні мен жазу стилі сақталған).

Инстаграм желісінің қолданушылары да қаржы жинау туралы жариялады.

«Құрметті достар! Кеше, 30.01.2019 ж біз ең жақын досымызды, бауырымызды, әріптесімізді, болашақ жар мен жақсы адамды жоғалттық! Оның жасы бар болғаны 18-де болатын. Ол үйінен жырақта, түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Енді денесін елге жеткізуге көмектесіңіздерші. Ол үшін мол қаржы қажет. Өмірде қайырымды жандар бар екеніне сенеміз!», - деп жазады желі қолданушылары.

Марқұмның туыстары өлімнің себебін білетін жандарға 8-747-270-76-70 нөмірі бойынша хабарласуды сұранады.