​Режиссер Серік Таластың кезекті туындысы жарық көрді

0
1 801

Небәрі алты жарым минутты құрайтын бейнеролик аз болса да, көрермен көзіне жас ұялатып қана қоймай, тәлім-тәрбие берерлік идеясымен көзге түсті.


​Режиссер Серік Таластың кезекті туындысы жарық көрді

Режиссер Серік Таластың қысқаметражды «Анама» атты киносы көрермен көңіліне жол тартып, халықтың ыстық ықыласына бөленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың 2 қазанында Режиссер Серік Таластың бастамасымен түсірілген «Анама» атты қысқыметражды киносы жарық көрді. Арманға жету жолында аянбауға мақсат қойған баланың анасына деген махаббаты суреттелген тың дүние көрерменнің көңілінен шыққан секілді.

Айта кетейік, сценарий авторы Серік Таластың «Жанұя» атты киносы да жағымды пікірлерді тудырған.

Сондай-ақ, Бұл бейнероликке де «Керемет», «Тәрбиелік мәні бар», «Сәке, осындай дүниелерді көбейте беріңіз. Алла ісіңізге береке берсін», «Еріксіз жыладым, Серік. Талабыңа нұр жаусын», «мықты видео», «өте әсерлі» деген сынды құттықтаулар мен қолдауға толы пікірлер жазылып жатыр.

Көрерменнің кино режиссерынан күтері көп екені пікірлерінен анық көрінеді.