«Салауатты отбасы —салауатты қоғам»: Шымкентте спорт жарысы өтті

0
735

Жарыс 7 эстафетадан тұрады.


«Салауатты отбасы —салауатты қоғам»: Шымкентте спорт жарысы өтті

Шымкент қаласында Отбасы күніне орай, «Салауатты отбасы —салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.

Аталған шараның мақсаты — жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын оятып, отбасылар арасында достық орнату, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс шарттары бойынша отбасында құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын – 25 жастан жоғары 10 отбасылық командалар қатыса алады. Ал қатысушы балалардың жасы 9 - 17 жас аралығында болу керек. Сондай-ақ, қатысушылардың спорттық үлгідегі киімі болуы тиіс.

Бүгінгі отбасылық бәйгеде құрамы 4 адамнан (әкесі, анасы және 2 баласы) тұратын 25 жастан жоғары 10 команда бақ сынасты. Ата-анасына қолдау көрсетіп, сайысқа қатысқан балалардың жасы 9 - 17 жас аралығында.

Жарыс 7 эстафетадан тұрады. Барлық эстафеталар уақытының ең аз мөлшері бойынша анықталады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

Жарыс «Шармен секіру», «Су тасу», «Кір қыстырғыш жинау», «Жұмыртқаны жарып алма», «Көңілді доптар», «Қаппен секіру» және «Орнында тұрып ұзындыққа секіру» секілді көңілді сайыстарға толы болды. Тапсырмаларды орындау үшін отбасы мүшелерінен шымырлық пен шапшаңдық, байсалдылық, аса ұқыптылықты талап етеді.

Қазылар алқасының бағалау қорытындысына сәйкес ІІІ орынды Ринат пен Ақжібек Мустафина бастаған «Арыстан» командасы иеленсе, ІІ орыннан Талапбек

Қыпшақбаевтың «Достық» командасы көрінді. Жүлделі І орынға Оралхан Есембеавтың «Жанұя» командасы лайық деп табылды. Одан бөлек, сайысқа қатысқан барлық отбасыға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Айта кетейік, жарысты өткізуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі басқармасының қолдауымен «Қуатты Ел» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып отыр.