​Самал Еслямова: Махаббатым шымкенттік болса, ауланы да сыпырамын

0
3 132

Актриса Самал Еслямова Шымкентке келін болуға қарсы еместігін жеткізді.


​Самал Еслямова: Махаббатым шымкенттік болса, ауланы да сыпырамын

Кан кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алған Самал Еслямова, Шымкентке келін болуға қарсы емес екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде актриса режиссёр Сергей Дворцевойдың «Айка» кинофильмінің Шымкентте өткен тұсаукесерінен кейін журналистерге берген сұхбаты барысында айтты.

«Шымкентке келін болуға қарсы емеспін. Бәрі Алланың қолында. Егер осы жердің дәмі бұйырып тұрса, әрине. Шымкенттік келіндердің таңғы сағат 6-да тұрып аула сыпыратынын естігенмін. Егер махаббатым осы жақтан болса сыпырамын», - дейді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, Кан кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» атағын бұған дейін ТМД елдері аумағында ешбір актриса алмаған. Ал, актерлар арасында тоқсаныншы жылдары ресейлік Никита Михалков «Үздік ер рөлін» сомдағаны үшін осы атаққа қол жеткізген болатын.