Жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкентке келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2020 жылғы қызметінің қорытындысымен бөлісті. Депутаттар қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін, демократиялылығын, жариялылығы мен ашықтығын айтып өтті.
Кездесу барысында Мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерінің қызметі бағаланып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың «Құрмет грамотасы» мен Сенат төрағасының алғыстары табысталды.