​ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР: КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

0
58

Кәсіпкерлерді заңды және ашық жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында арнаулы салық режимі де оң нәтиже беріп отыр. Бөлшек салық мөлшерлемесінің 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілуі бюджетке түсетін түсімдерді үш есеге артты. Бұл бастама 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізінде де қолданылатын болады.


​ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТАР: КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

2025 жылы Шымкент қаласында шағын және орта бизнес (ШОБ) тұрақты өсім көрсетіп, қала экономикасының басты тіректерінің бірі болып отыр. Қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 143 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артты.

Оның ішінде 22,6 мыңы – заңды тұлғалар, 115,1 мыңы – дара кәсіпкерлер, 5,3 мыңы – шаруа қожалықтары.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны да айтарлықтай өсті. 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында бұл көрсеткіш 250,4 мың адамға жетіп, бір жыл ішінде 10,5 пайызға артқан. Ал өндірілген өнім көлемі 2 трлн теңгеден асып, 35,2 пайыздық өсім көрсетті. Нәтижесінде ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 57,6 пайызға жетіп, қаланың экономикалық құрылымында шешуші рөлге ие екенін дәлелдеді.
Кәсіпкерлікті қолдау бағытында да жүйелі шаралар іске асырылуда. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 2025 жылы Шымкентте кәсіпкерлікті қолдауға 19,6 млрд теңге қарастырылып, оның 16,96 млрд теңгесі 2035 жобаға бағытталды. Бұл қаржы несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, кепілдендіруге және әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларға грант беруге жұмсалды. Сонымен қатар, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлердің өндірістік алаңдарды жалдау шығындары мен субсидиялары өтелуде.
Кәсіпкерлерді заңды және ашық жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында арнаулы салық режимі де оң нәтиже беріп отыр. Бөлшек салық мөлшерлемесінің 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілуі бюджетке түсетін түсімдерді үш есеге артты. Бұл бастама 2026 жылдан бастап оңайлатылған декларация негізінде де қолданылатын болады.
Шымкентте шағын бизнесті дамыту үшін өндірістік инфрақұрылым да кеңейіп келеді. Қалада шағын өнеркәсіптік аймақтар салу бағдарламасы аясында үш ірі жоба жүзеге асырылуда. Алғашқы кезеңде 44 мың шаршы метрден астам өндірістік ғимарат пайдалануға беріледі. Бұл жобалар іске қосылғаннан кейін 50-ден астам жаңа шағын кәсіпорын ашылып, 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бірі – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамту шаралары.
Бөлісу